Тема: Гинес рекордтары
SunGat (Администратор)[#] (29.06.2014 / 08:32) |
Джотидің жасы биыл 19-да. Ол бұған дейін әлемдегі ең кішкентай бойжеткен атағының иегері еді. Кәмелет жасына толғаннан кейін ең кішкентай әйел адам атанды. Өткен екі жылдың ішінде оның бойы бар-жоғы 1 сантиметр ғана өсіпті. Джотидің бойы бүгінде 62 сантиметр.
Джоти Амджи «ахондроплазия» деп аталатын аурудан зардап шегеді. Бірақ ол денсаулығына шағымданбайды, қайта көңіл-күйін әрдайым көтеріңкі ұстауға тырысады. Құрбыларымен бірге дүкен аралап, әдемі киінгенді ұнатады екен. Ол актерлік мамандықты таңдап отыр. Таяуда Болливудтың (Үндістан киностудиясы) екі фильміне түсуге дайындық жүргізуде.